Главная / Компания жайында

Компания жайында

«ADVANCED TRANSLATION» - техникалық, заңды, қаржылық, медициналық мәтіндерді аудару бойынша тәжірибелік мәселелерді шешуде үлкен еңбек өтілі бар мамандардың, аудармашылар мен кеңесшілердің ұйымшыл тобы.

«ADVANCED TRANSLATION» 2006 жылдан бері ауызша және жазбаша аударма нарығында сәтті жұмыс істеуде, және осы уақыт ішінде кез-келген қиындық деңгейіндегі тапсырыстарды орындауға қабілетті топ құрылды. Біздің мамандар біліктілікті арттырудың арнайы тренингтерінен үнемі өтеді, кәсіби аудармашыларға қойылатын талаптарға толық сәйкес келеді.

Біз аударма саласындағы барлық жетістіктерді қадағалаймыз және жоғары сапалы аударманы қамтамасыз ету үшін заманауи құралдарды қолданамыз. Әр тапсырыс беруші үшін біз оның талаптары мен лексикасын ескере отырып, жеке глоссарий құрастырамыз.

Біздің ұранымыз: менеджерлердің, аудармашылар мен редакторлардың бірлескен тәртіпке салынған жұмысы арқасында тамаша нәтижелерге жетуге болады.

 

Біздің бюромыздың ұжымы сізге ынтымақтастық ұсынуға өте қуанышты!

“ADVANCED TRANSLATION” Аудармалар бюросы келесі ҚЫЗМЕТТЕРДІ ұсынады:

 

Сапалы жедел кәсіби аударма:

  • кез келген күрделіліктегі және тақырыптамадағы мәтіндердің жазбаша аудармасы;
  • ауызша ілеспе және бірізді аударма;
  • жеке құжаттар аудармасы.

Қосалқы қызметтерді көрсету:

  • құжаттардың нотариалды аудармасы; 
  • беттеу;
  • аудио және бейне-материалдарды аудару;
  • мәтіндерді түзету (сонымен қатар, орыс тілінде де)

Бізбен жұмыс істеудің 10 себебі:

  • Кәсіби мамандар тобы: біздің мамандардың жоғары біліктілігі мен тәжірибесі аудармаға қатысты әртүрлі міндеттерді тиімді шешуге мүмкіндік береді.
  • Түрлі еуропалық, шығыс және азиялық тілдермен жұмыс: Сіз ағылшын, неміс, француз, қазақ, украин, түрік, итальян, испан, грузин, поляк, қытай, корей, жапон және басқа тілдерден/тілдерге мәтіндік аударма жасауға тапсырыс бере аласыз.
  • Жоғары сапа: біз жоғары сапалы аудармаға қол жеткізу үшін өз жұмысымызда заманауи құралдарды бақылаймыз және қолданамыз. Аударма сапасын тексерудің үш деңгейлі жүйесі.
  • Әр клиентке жеке көңіл бөлу: бізбен жұмыс жасау сізге ыңғайлы болатындай етіп жұмыс істейміз. Біздің міндетіміз – сіз толық сенім білдіре алатын сенімді серіктесіңіз болу.
  • Құпиялылық және ақпараттық қауіпсіздік кепілдігі: біздің әр қызметкеріміз өзіне клиент ақпаратын жарияламау міндетін алады.
  • Жұмыс тындырымдылығы: сізге жедел аударма қажет болса, «ADVANCED TRANSLATION» аударма агенттігіне хабарласыңыз. Біз жедел аудармаларды тез, сапалы және қол жетімді бағамен орындаймыз.
  • Қысқа мерзімде ірі жобаларды орындау: біздің Бюро ірі жобаларды (мәтіндерді күніне 100 бетке дейін кәсіби аудару (ағылшын, неміс тілдері)  сапалы түрде орындауға дайын.
  • Төлемнің кез-келген тәсілдері: Сіз құжаттар аудармасын кез-келген өзіңізге ыңғайлы тәсілмен төлей аласыз.
  • Тұрақты клиенттер үшін жеңілдіктердің икемді жүйесі: бізде тұрақты клиенттер мен ірі тапсырыс берушілер үшін тартымды жеңілдіктер жүйесі бар.
  • Нарықта 2006 ж. бастап: "ADVANCED TRANSLATION" Аудармалар бюросы аудармашылық қызметтер нарығында сарапшы болып табылады. Жұмысымыздың барысында біз тілдік аударма саласындағы біліктілігін үнемі жетілдіріп отыратын мамандар тобын құрдық.

Алматыдағы аудармалар бюросы - “ADVANCED TRANSLATION” –

Сізді дұрыс түсінеді!

Көрсетілген телефон бойынша сіздің қоңырауыңызды күтеміз:

+7 (727) 266-38-69