Главная / Біздің қызметтеріміз

Біздің қызметтеріміз

Кәсіби аударма:


1. Жазбаша аударма


   • техникалық аударма: түрлі техникалық құжаттаманы, соның ішінде нұсқаулықтарды, жобалық құжаттарды, іске пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды аудару;
   • экономикалық аударма: экономикалық мақалаларды, көмекқұралдарды, құжаттаманы аудару;
   • құқықтық аудармасы: келісімшарттарды, шарттарды, нормативтік құжаттарды, құрылтай құжаттамасын аудару, соның ішінде нотариаттық куәландыру;
   • банктік құжаттарды аудару;
   • хаттарды, соның ішінде жеке және іскерлік хат-хабарды аудару


2. Ауызша аударма


   • телефон арқылы келіссөздер: ONLINE режимінде телефон конференцияларын аудару;
   • ілеспе аударма: делегацияларға ілесе жүру, конференциялар мен келіссөздерге қолдау көрсету, аудармашы-гид қызметтері;
   • синхронды аударма: конференцияларда арнайы техникалық жабдықты қолдану арқылы аударма жасау, шағын аудиториялар үшін баяндамалар мен хабарламаларды қатарлас аудару.


3. Жеке құжаттардың аудармасы


   • Жеке құжаттардың (туу, неке, ажырасу туралы куәліктер, еңбек кітапшалары, дипломдар және т.б.) жазбаша аудармасы

Ілеспе қызметтер:

1. Құжаттардың нотариаттық аудармасы және виза алу үшін құжаттар дайындауда көмек көрсету.


   • Елшіліктерге тапсыруға арналған құжаттардың аудармасы және аударылған құжаттарды нотариаттық куәландыру, визалар алу үшін анкета толтыруда көмек көрсету.


2. Беттеу.


   • Аударма бастапқы құжатқа сырттай сәйкес болуы үшін мәтінді өңдейміз.  AutoCAD, Adobe PageMaker, Visio бағдарламаларын, MS Office, Adobe Acrobat, Adobe Illustrator, Adobe Photoshop, Corel Draw құралдары мен басқа қолданбаларды пайдаланып жұмыс істейміз.


3. Сайттарды жергілікті ерекшеліктерге бейімдеу.


   • Бұл – сайттарды аудару және белгілі бір аймақтың ерекшеліктеріне мәдени бейімдеу.


4. Дыбыстық және бейнематериалдардың аудармасы.


   • Сан алуан дыбыстық және бейнеақпарат тасығыштарынан жазбаша аудару.


5. Түрлі мәтіндерді, соның ішінде жарнамалық мәтіндерді өңдеу


   • Орыс, қазақ, ағылшын және басқа тілдердегі жарнамалық мәтіндерді өңдеу.


6. Копирайтинг, рерайтинг қызметтері


   • Копирайтинг – құрамында төл идеясы бар және басқа дерек көздерінен алынған ойлар пайдаланылмаған бірегей мәтінді жаңадан жасау.
   • Рерайтинг – бұрынғы мәтіннің негізгі ойын сақтай отырып, мәтінді өз сөзімен баяндау.
   • SEO-рерайтинг – іздеуге арналған сөйлемдер мен негізгі сөздерді ескере отырып, мәтінді қайта жазу.
 
Нормативтік құжаттардың аудармалары
Ағылшыншадан орысшаға және орысшадан ағылшыншаға аудармалар
Қазақшадан орысшаға және орысшадан қазақшаға аудармалар