Мәтіндерді әлі де Word пен Excel бағдарламасында аударып жүрсіз бе?
Жұмысыңызды оңайлатып, табысыңызды арттырып, күнде қайталанатын жұмысқа кететін уақытты қысқартқыңыз келе ме?
Қажет етілетін маман болып, заманауи аударма технологияларын меңгеруді қалайсыз ба?
Заңи, техникалық немесе маркетингтік болсын, қандай мәтін аударсаңыз да, бұл курс жұмыстың сапасын арттыруыңызға және жаңа клиенттерді тартуыңызға көмектеседі.
CAT құралдарымен (Computer-Assisted Translation) жұмыс істеу бойынша онлайн курс — кәсіпқойлықтың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндігіңіз. Сіз кеңінен таралған автоматтандырылған аударма жүйелері — Trados Studio және Smartcat жасақтамаларында жұмыс істеуді үйренесіз, сондай-ақ аударылатын мәтіндерді дайындау және пішімдеу бойынша аса маңызды машықтарды меңгересіз. Осының барлығына қысқа мерзімде, өзіңізге ыңғайлы уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен жетуге болады.
Статистика бойынша, CAT құралдарын пайдалану аударма жасау кезінде 50% дейін уақыт үнемдеуге және жұмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл — сіз азырақ уақытта азырақ күш жұмсап, көп нәрсені жасайсыз деген сөз.
Оқу Zoom арқылы толығымен онлайн өтеді. Сіз Алматы, Астана, Шымкенттен, Қазақстанның басқа қалаларынан немесе кез келген басқа елден қосыла аласыз. Курстан өткеннен кейін сізге барлық материалдар беріледі, сонымен қатар курс аяқталғанан кейін бір ай бойы оқытушының қолдауы да қарастырылған. Оқуды аяқтағаннан кейін орыс, қазақ немесе ағылшын тілінде сертификат беріледі.
Оқу модульдері аудармашылардың және жергілікті (Қазақстандағы), сондай-ақ халықаралық нарықтың сұраныстары ескеріліп әзірленеді. Бұл құралдарға шолу ғана емес, ертеңгі күні-ақ жұмыста қажетке асатын нақты тәжірибе.
Машығыңызды арттырыңыз, кәсібіңізде жылдамырақ, дәлірек және әлдеқайда заманауи болыңыз! Курстың толық бағдарламасын, оқу кестесін және бағасын алу үшін кері байланыс нысанында өтінім беріңіз немесе телефонға қоңырау шалыңыз. Оқу сіздің жаңа тапсырыс берушілерге, көбірек табыс алуға және мамандығыңызға деген сенімділікке алғашқы қадамыңыз болуы мүмкін. Бізге хабарласыңыз — біз сізге оңтайлы оқу нұсқасын таңдап береміз және барлық сұрақтарыңызға жауап береміз!